Секачёв Виктор Васильевич (1910-2007), 1941 жылы Семей қаласында құрылған және 1942 жылы 30-шы гвардиялық дивизияға айналған 238-ші атқыштар дивизиясының 63-ші гвардиялық артиллериялық полкі 6-шы батарея командирінің орынбасары. 1943 жылдан 1970 жылға дейін сауда мекемелерінде жұмыс істеді. В.В.Секачёв зейнеткерлікке шыққасын 1977 жылдан бастап Семей қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасы орынбасарының қызметін орындады, дивизия ардагерлері туралы көптеген құжаттар жинақтады.