







Алейкин Иван Степанович (1926-2004) Орынбор облысы Пономарев ауданы Борисовка ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында Украинаны, Венгрияны азат етуге қатысты. Ленин, ІІ-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Демобилизациядан кейін И.С.Алейкин Семей облысының Бородулиха ауылына көшіп келді, онда 1948 жылдан 1950 жылға дейін еңбекшілер депутаттарының Бородулиха аудандық Кеңесінің хатшысы қызметін атқарды. Одан кейін Қазақ ССР Бородулиха және Көкпекті аудандары бойынша дайындау министрлігінің орынбасары болды. 1955 жылы И.С.Алейкин Семей облысы Көкпекті ауданының Ленин атындағы колхозының төрағасы болып сайланды, кейін Семей облысы Ново-Шүлбі ауданының Пролетар астық қабылдау пунктінің директоры болып тағайындалды.
1961 жылдан 1979 жылға дейін И.С.Алейкин Семей Ленин орденінің ұн тарту-құрама жем комбинатының директоры қызметін атқарды. Осы лауазымда жұмыс істеген уақытында ол кәсіпорын мен оның инфрақұрылымын толық жаңғыртуды жүргізуге көп еңбек пен білім жұмсады. Нәтижесінде зауыт қуаттылықты сәтті арттырып, өнім сапасын жақсартты, технологияны жетілдірді, өндіріс рентабельділігін арттырды. Комбинат жанында өзінің қосалқы шаруашылығы құрылды, профилакторий, балабақша, балалардың жазғы демалысына арналған лагерь салынды, жұмыскерлердің еңбек жағдайлары жақсарды. 1979 жылдан 1990 жылға дейін Иван Степанович Қазақ КСР дайындау Министрінің орынбасары қызметін атқарды. Достық, Құрмет белгісі және Қазан революциясы ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.