Түсіпов Сауқан (1923-1943) Семей облысы Жаңасемей аудандық әскери комитетімен майданға шақырылды. 47-ші жеке атқыштар бригадасында соғысқан. 1943 жылы ақпанда бригада Солтүстік-Батыс майданындағы Кеңес әскерлерінің екінші Демян шабуыл операциясына қатысты. С.Түсіпов 1943 жылы 22 ақпанда Ленинград облысының Старая Русса қаласын азат ету ұрысында қаза тапты. Ленинград облысы, Залучье ауданы, Залучье ауылынан батысқа қарай екі шақырым жерде жерленген.