Алып өрт. Тарихи ғимарат.

Биыл өрт сөндіру қызметінің құрылғанына 105 жыл. Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының құжаттар қоры тарихи оқиғаларға толы. Мұнда мемлекеттік сақтаудағы әр құжат, әр газет парақтары сан дәуірдегі тарихты көрсетеді.  

Өрт сөндіру жұмысы екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Оған күш керек, ерік пен жігер керек. Осы салада еңбек етіп келе жатқан әр өрт сөндірушінің алдында үлкен жауапкершілік тұр. Сонау тарихқа үңілсек.... Өрт сөндіру қызметінің қалай бастау алғаны, қаламызда болған ірі өрт оқиғаларын сөндіру жұмыстары қалай жүрген мұның барлығы архив қоры құжаттарында, газет қорларында баян етілген.

Қаламыздың тура орталығында алапат өрттің кесірінен болған, тек қаңқасы, үңірейген терезелері бір көне заманды көзіңе елестетін ғимаратты байқауға болады. Бұл ғимарат өз заманында қаламызға көрік берген сәулетті, әдемі үй болды. Талай тұлғаларға білім мен тәрбие берген ғимарат.  Бұл қазір ел аузында «бұрынғы Зооветинститут»- деп те аталады. 

Осы тарихи ғимараттың тағдыры  ХХ ғасырдың аяғы мен басында екі үлкен өрт оқиғасымен байланысты болған. 

1917 жылы 10 желтоқсанда Семей тұрғындары өрт сөндіру каланчасынан қоңыраудың қатты шыққан үнін естиді. Оның үстінде қаланың орталық бөлігінде өрт туралы хабарлаған шарлар көтерілді. Дабыл бойынша бүкіл өрт сөндіру бекеті көтеріліп, бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жетеді. Осылайша Әйелдер гимназиясының 2 қабатты ғимараты өртеніп кетті.

Сол кездегі 1917 жылғы №111 «Свободная речь» газетінде былай деп жазылған: «дәстүрлі қайырымдылық кешінің алдында әйелдер гимназиясының ғимаратында өрт шықты......».

Корпустың ішкі бөлігі, Мещанская көшесі бұрышы (Урицкий, Қазіргі Уранхаев) және Устькаменогорский (Киров көшесі, Қазіргі Шайжүнісов көшесі) барлығы сумен бүлінген. Ғимараттың Өскемен және Новосель көшелерінің бұрышына қарайтын бөлігі (Комсомол даңғылы қазіргі Шәкәрім даңғылы) судан да айтарлықтай зардап шекті, дәліз бойында төбесі суланған; кейбір сыныптарда төбелер бүлінген.

Арада 69 жыл өтеді.......

1986 жылғы Семей облысы объектілерінің өртке қарсы жай-күйі туралы анықтамада осы ғимараттағы өртке байланысты төтенше жағдайдың қысқаша сипаттамасы берілген: "1986 жылғы 9 желтоқсанда КСРО Мемлекеттік агроөнеркәсіп Семей зооветеринарлық институтының бас корпусының акт залында әкімшіліктің нұсқауы бойынша жылыту жүйесін жөндеу бойынша дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді. Алдын ала тергеу барысында электр дәнекерлеу жұмыстары өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілгені анықталды, нәтижесінде өрт болды.  жасағы, жергілікті горнизон бөлімшелері-институт ғимаратын, құжаттарды, архивтерді, құнды заттарды құтқару үшін барлық күштерін жұмсады. Бірақ ешқандай қарсы жұмсалған күш ештеңені бағындыра алмады.

Осы өрттен кейін көптеген жылдар өтті. Ал, қаламыздың орталығында тек ғимараттың қаңқасы ғана көрік беріп тұрғандай........

«ҚЗТҚО» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К.Кадырова