







Абдулкаримова Найля Юсуповна (1929-2022) Семей облысы, Жаңа Семей ауданы, Зубаир ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті аяқтап, кейін қаржы-экономикалық техникумын бітірді. 1952 жылы Семей педагогикалық институтқа оқуға түсіп, оны 1956 жылы «Математика және физика» мамандығы бойынша бітірді. Найля Юсуповна еңбек жолын Семей облысының Жаңа-Семей ауданы Белокаменск с. мектебінде мұғалім, кейін оқу меңгерушісі болып бастады. Ол БЛКЖО Жаңа-Семей АК екінші хатшысы болып сайланды. Ново-Покров орта мектебінің, медициналық училищенің, электриктер КТУ және Семей қ. бір қатар мектептерінің математика пәні мұғалімі болып жұмыс істеді.
Жұбайы Махмут Хамитовичпен бірге қоғамдық жұмысқа белсенді араласты. Махмут Хамитовичтің бастамасымен Семей қ. 1990 жылы татарлардың қоғамдық орталығы ашылған кезде Найля Юсуповна президиумның мүшесі болып сайланды. «Семей таңы» облыстық газетінің «Галиябану» татар тіліндегі шығатын бетін редакциялады, орталық қалалық кітапхана жанындағы «Туған тіл» әдеби-музыкалық клубтың мүшесі болды. Найля Юсуповна татар мәдениеті мен тілін өркендету бойынша үлкен жұмыс жүргізді.