







Исимбеков Жұмағали Мұрсалиұлы (1935-2012) – биология ғылымдарының докторы, ветеринария профессоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Семей қаласында туған. 1966 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтының ветеринария факультетін бітірген. Еңбек жолын Семей облысы Көкпекті ауданында мал дәрігері болып бастаған. 1961-1964 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының зоология институтында жұмыс істеді. 1964 жылдан 2002 жылға дейін Семей зооветинститутында паразитология кафедрасының ассистенті, зоогигиена кафедрасының, паразитология кафедрасының меңгерушісі, ветеринария факультетінің деканы, инфекциялық және инвазиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі және сонымен бірге институттың ғылыми жұмысы жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. 2004 жылдан 2012 жылға дейін Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұмыс істеді.
«Іле өзені бассейнінің қансорғыш масалары» тақырыбында кандидаттық диссертация, «Шығыс Қазақстанның мал шаруашылығындағы жануарларда кездесетін паразиттерге қарсы іс-шаралардың биологиялық негіздері мен жүйесі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Жұмағали Мұрсалиұлы 200-ден астам ғылыми мақалалар, 12 монография, оқулықтар мен оқу құралдарын жариялады, 17 рационализаторлық ұсынысы, өнертабыста 5 авторлық куәлігі бар.