Бейсембаева Салима Бейсембайқызы (1935-2005), Семей облысы Мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы, Семей облысы Абай ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Ақсуат қ. орта мектебін бітірді. Салима Бейсенбаевна еңбек жолын Ақсуат ауданының Пионерлер үйінде үйірме жұмысының меңгерушісі болып бастады. Кейін 1957 жылы Ақсуат ауданында БЛКЖО 30-жылдығы атындағы орта мектебінде кітапханашы болып жұмыс істеді. 1958 жылы Семей қаласына қоныс аударып, Семей облысының мемлекеттік мұрағатына мұрағатшы болып орналасты. С.Бейсембаева 10 жылдам астам мұрағаттың оқу залының меңгерушісі болды.

Мұрағат мекемелеріндегі көп жылдық адал еңбегі үшін Салима Бейсембаевна бірнеше рет КСРО Министрлер кеңесі, Қазақ КСР Бас мұрағат басқармасының, Семей облыстық атқару комитетінің және облыстық кәсіподақтар кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1976 жылы С.Бейсембаеваға мұрағат саласындағы еңбегі үшін «Коммунистік еңбегінің ударнигі» атағы берілді. 1981 жылы Салима Бейсембаевна «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, 1989 жылы «Мұрағат ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.