Неудачин Николай Иванович, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері, 1885 жылы Орынбор губерниясының Белорецк қаласында (қазіргі Башқұртстан Республикасы) дүниеге келген.1904 жылы Нарв гимназиясын, Петербург Императорлық университетін аяқтап, Петербург әскери-медициналық академиясына түседі. 1912 жылы академияны тәмамдаған соң оны Семей қаласындағы Сібір казак әскерінің 8-ші учаскесіне дәрігер етіп тағайындайды. Семей қаласында өткен желтоқсандық көтеріліске байланысты Н.И.Неудачин атаман Анненковты қудалау бойынша 1-ші Крестьяндық революциялық полкіне жұмылдырылады, сосын бұл полк Қытайға қарай ығысқан.

Сонымен қатар 1920 жылдан 1922 жылдар аралығында Николай Иванович артиллериялық дивизионның құрамында Қытайдың Қоқан және Наманған облыстарындағы басмаштармен өткен қарулы қақтығыстарда қатысқан. Семейге оралған соң 1922 жылы қалалық амбулаторияның венерологиялық науқастарды қабылдау және емдеу бөлімінде дәрігер болып жұмыс атқарды.

1924 жылы Н.И.Неудачиннің қолдауымен Семей облыстық венерологиялық диспансері ашылды. 1934 жылы Николай Иванович емдеудің физикалық әдістері институтына урология және дерматология бойынша дәрігер-кеңесші қызметіне ауысады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Семей қалалық әскери комитетінің ұйғаруымен №2449 эвакогоспиталіне жіберіледі. 1943 жылы Н.И.Неудачин қалалық №4 емханасында ашылған урология кабинетінде дәрігер болып, кейіннен сол мекемеде емдеу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Николай Иванович Ленин орденімен марапатталған,  сонымен қатар КСРО-ның денсаулық сақтау ісінің үздігі болған.