







Сәрсеке Медеу Сапайұлы 1936 жылы Семей облысы Абралы ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Орта мектепті алтын медальмен 1953 жылы бітіріп, Алматы қаласындағы Кен-Металлургия институтына инженер-металлург мамандығы бойынша оқуға түседі. Ол студент кезінен ғылыми-фантастикамен әуестеніп, фантастикалық жанрдағы жарық көрген «Көрінбестің көлеңкесі», «Жетінші толқын», «От пен атом» эсселері жасөспірімдердің қызығып оқитын таңдаулы шығармалары болып табылады.
Оқуын тәмамдағаннан кейін біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып еңбек етеді. 1959-64 жылдары Семей цемент зауытында шебер, зауыт диспетчері, техника бөлімінің аға инженері міндетін атқарған. 1964-1965 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі. 1965-1997 жылдары жазушылар Одағының Ертіс өңірі бөлімшесінің хатшысы қызметін атқарған.
Медеу Сапаұлы 1962 жылдан бері Казақстанның жазушылар Одағының мүшесі болып табылады. 1970 ж. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 2001 ж. «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар М.Сәрсеке Семей қаласы мен Абралы ауданының «Құрметті азаматы», Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университінің «Құрметті профессоры», «Құрметті кенші» және ҚР Геология комитетінің «Құрметті кен іздеушісі».
Жазушының қаламынан 43 кітап қазақ тілінде, 20 кітап орыс тілінде жарық көріп, өз оқырмандарын тапты.