Тычинин Леонид Степанович (1933-2000) Воронеж облысында дүниеге келген. 1954 жылы КСРО ІІМ Харьков өрт-техникалық училищесін бітірді. 1970 жылдан 1982 жылға дейін Семей облысының өрт күзеті бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. ІІМ жүйесіндегі ұзақ мерзімді еңбегі үшін «I, II, III дәрежелі Еңбек сіңірген жылдары үшін», «Еңбек ардагері», «Азаматтық қорғаныс ардагері», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған. Леонид Степанович өрт күзетінің материалдық базасын нығайтуға, өрт сөндіру бөлімдерін барлық қажетті – автомобильдермен, жабдықтармен, техникамен қамтамасыз етуге үлкен үлес қосты.