Сергей Николаевич Суворкин (1962-1982), интернационалист-жауынгер, Семей қаласында дүниеге келген. Ол Семейде дүниеге келді. № 38 орта мектепте білім алып, кейін политехникалық техникумда оқыды. Бала кезінен бастап Сережа спорттың әр саласымен шұғылданды, ал техникумда оқып жүріп үнемі техникумының, қала мен облыстың масштабындағы жарыстарға қатысты. Физикалық шыңдалған ол, Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеуге дайын болды. 1981 жылдың сәуір айында Сергей әскерге шақыртылады. Борышын Ауғанстан Демократиялық Республикасында кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамында өткізді. Жауынгерлік іс-қимылдарда ержүректілігімен ерекшеленді.

1982 жылғы 16 қаңтарды Сергей болған әскери колонна, Карабаг елді мекенінің ауданында, дұшпандардың гранатометаларымен және атыс қаруларымен оққа ұшты. Сергей бар табандылығымен өз пулеметінен оқ жаудырып оларға қарсы төтеп берді, дегенмен жараланған жауынгерлерді отқа оранған көліктен шығару барысында өзі жан тапсырды. Ол Қызыл Жұлдыз орденімен қаза тапқаннан кейін марапатталды.