







Сорокин Николай Иванович 1947 жылы Горький облысы Первомай ауданының Пески ауылында дүниеге келген. 1962 жылы Сорокиндар жанұясы Семей қаласына көшіп келді. 1966 жылы Сорокин Н.И. КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылды. 1970 жылы В.И.Ленин атындағы Ташкент жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген. М.В.Фрунзе атындағы Мәскеудегі әскери академияда оқуын жалғастырды. 1986 жылдың сәуір айында қызметін жалғастыру үшін Ауғанстанға жіберіледі. 1986 жылы 29 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қаза тапты. Қызыл Жұлдыз орденімен және Қызыл Ту орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).