







Жуков Павел Николаевич, «Ертіс өңірі» өлкетану қоғамының бірінші төрағасы 1948 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. Глуховка ауылдық мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. Кейін әскер қатарында болды. 1974 жылы әскерден оралғаннан соң, Семей қаласының № 36 орта мектебіне мұғалімдікке, ал 1975 жылы - жеңіл өнеркәсіп техникумына қызметке алынады. Физика пәнінен, кейініректе электротехника мен информатикадан сабақ берді. Үлкен қоғамдық жұмыстарды жүргізді: фото үйірмесін басқарып, көркемөнерпаздыққа қатысты.
Өз пәні бойынша терең білімді бола тұрса да, үнемі білімін өздігінен толықтырып отырды, өз біліктілігін электротехника, информатика, компьютерлік технологиялар, өзін-өзі тану бағдарламалары бойынша курстарда арттырды. 1974 жылы Семей қалалық партия комитетіне қарасты Қазақстан КП марксизм-ленинизм университетін оқып бітірді. Жеңіл өнеркәсіп техникумында (қазіргі сервис колледжі) қызмет істеген мерзім ішінде Павел Николаевичтің өз пәні бойынша жұмысында ғана емес, оның бүкіл педагогикалық қоры үлкен тәжірибемен толықты. Колледжде 30 жылдан астам еңбек етіп, «Семей сервис колледжінің құрметті қызметкері» атағының иегері және жоғары санатты оқытушы бола тұра, 2011 жылы ол құрметті демалысқа шықты.
Археолог болам деген орындалмаған бала арманы, ата-ананың туған өлкеге деген махаббатқа дағдыландыруы Павел Николаевичті өлкетанумен айналысуға итермеледі. Негізгі жұмысы физика пәнінің мұғалімінен өзге, өлкетануға балалардың қызығушылығын дарытуға тырысты, оқушылармен туристік жорықтар ұйымдастыруға қатысты, онда туған өлке тарихын зерттеді, Кеңес өкіметі үшін күрескендердің зираттарындағы ескерткіштерді қалпына келтірумен айналысты. Павел Николаевич «Наше дело», «Спектр», «Семипалатинские вести» жергілікті Семей қалалық газеттеріне, республикалық «Простор» журналына өлкенің тарихы және өлкетану бойынша үнемі мақалалар жариялау арқылы, өз білімдерімен және табыстарымен семейліктермен бөлісіп отырды. 2012 жылы, баспа қызметін қорытындылай келе, Павел Николаевич «Сближения» деген атаумен мақалалар жинағын шығарды.