Любовь Александровна Бедарева 1952 жылы Семей қаласында дүниеге келді. 1969 жылы мектеп бітірді. Еңбек жолын 1969 жылы «Большевичка» өндірістік тігін бірлестігінде тігінші болып бастады. 1974 – 1976 жж. Арқалық қаласында тұрып, қалалық өндірістік комбинатында тігінші болып жұмыс істеді. Ол 1976 жылы Семей қаласына қайтып келіп, өзінің бұрынғы жұмыс істеген орны «Большевичка» өндірістік тігін бірлестігіне орналасады.

1976 жылдан бастап 1979 жылдар аралығында Любовь Александровна №1 цехтың комсомол ұйымының хатшысы болып сайланады, ал 1979 жылы «Большевичка» өндірістік тігін бірлестігі оны КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына кандидат етіп ұсынады. 1979 жылдың наурызында №141 Ертіс сайлау округі бойынша ұлттар Кеңесінің депутаты болып сайланады. 1980 жылы КОКП мүшелігіне кірді. 1989 жылдан бастап №1 цехтың партия ұйымының хатшысы болып сайланса, ал 1990 жылы Қазақстан КП қалалық комитетінің мүшесі болып сайланды. Л.А.Бедарева көптеген жылдар бойы өндірістік тапсырмаларды орындау жарыстарында алдыңғы қатардағылардың бірі болды, «Мамандығы бойынша ең үздік» атағын алу үшін социалистік жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанды. Үлгілі еңбегі және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін «Тоғызыншы бесжылдықтың үздік жұмысшы», «Ысылған шебер» БЛКЖО ОК белгілерімен марапатталды.