Асқар Сләмұлы Сләмов (1950-2010) Семей облысы, Абай ауданы, Саржал ауылында дүниеге келді. 1966 жылы Саржал орта мектебін аяқтап, сосын Семей  есеп жүргізу-бухгалтерлік мектебін тәмамадайды. Бірнеше ай мамандығы бойынша жұмыс істеген соң Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтына түсіп, оны 1971 жылы «Орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтайды.

Асқар Сләмұлы саналы ғұмырын ұстаздыққа арнады. Жоғарығы оқу орнын тәмамдаған соң Саржал орта мектебінде тарих және география пәндерінің мұғалімі болып, ал 1980 жылы Семей қаласының №5 мектеп мұғалімі болып тағайындалады. 1982 жылы А.С.Сләмов еңбек жолын Семей педагогикалық институтында жалғастыра отырып, КСРО тарихы кафедрасының оқытушысы болып жұмыс атқарып, кейіннен Дүниежүзі тарихы кафедрасының аға оқытушысы болады.1996 жылы «Семей» университетінің Дүниежүзі тарихы кафедрасының аға оқытушысы болып ауысады.

Асқар Сләмұлы педагог, әрі ғалым бола отырып, әр түрлі ғылым салалары бойынша ғылыми әдебиеттерді оқыған. ҚазССР Ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасының, А.С.Пушкина атындағы мемлекеттік кітапханасының, сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасының тұрақты оқырманы болды. Көп жылдық еңбектерінің нәтижесінде «Қазақстан азаматтық қарсыластық кезеңінде» (2009г), «Тарих және тағылым» (2010г).