







Матаев Тілеубек Бейсенғазыұлы (1939-2019), Құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары салалары ардагерлері кеңесінің төрағасы, еңбек сіңірген құрылысшы, еңбек ардагері. Тлеубек Бейсенғазыұлы еңбек жолын 1958 жылы Семей жол–көлік техникумын аяқтағаннан кейінбастады. Бүкіл өмірін құрылыс саласына арнаған, еңбек жолын құрылыс жұмысындағы тікелей басшылықтан бастап, «Облмежколхозстрой» және «Семсовхозводстрой» трестерін басқарған. Матаев Т.Б. қаламыздың құрылысын жүзеге асыруда үлкен үлесі бар. Оның профессионализмі мен қоғам жұмысына белсене араласуы «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек үздігі», «Еңбек ардагері», сондай-ақ Қазақ ССР-нің Мемлекеттік Құрылыс Комитетінің Құрмет грамотасымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен және тағы басқа да грамоталармен марапатталған.