Ахметбеков Шернияз Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздігі Комитетінің подполковнигі, КСРО Қарулы күштерінің еңбегі сіңген ардагері, еңбек ардагері. Мемлекеттік қауіпсіздік ұйымында 35 жылдан аса еңбек етті. Қызмет барысында КСРО шекарасының қызметін де атқарды, бірнеше жылдың көлемінде 30-шы Бахты шекаралық постында шекара және барлау бөлімімен шекараны қорғау шараларына қатысып, агенттік-жедел жұмыстарын жүргізіп, Отан сатқындары мен дезертирлерді іздестіру жұмыстарына көмектесті. Барлық жүктелген міндеттерін Ахметбеков Ш. жоғары профессионалдық деңгейде атқарып, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Көп жылғы еңбегі үшін және міндеттерін үлгілі арқарғаны үшін І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Кіршіксіз қызметі үшін» медалімен, «Жауынгерлік айбыны үшін», «КСРО мемлекеттік шекарасындағы үздік қызметі үшін», «КСРО Қарулы күштеріне еңбегі сіңген ардагер» және т.б. медальдарымен, марапат қағаздарымен марапатталған. Мемлекеттік сақтауға алынған құжаттары 1942-1995 жылдар аралығын қамтиды.