Киселев Олег Александрович (1946-1999), Семей облыстық телерадиокомпаниясының редакторы, Закарпат облысы Перечин ауылында дүниеге келген. Семей қаласының № 40 орта мектебін бітірген. 1963 жылы № 20 Семей қолөнер училищесінде оқуын аяқтап, әмбебап темір ұстасы мамандығын игерді. Осы уақытта оның отбасы Өзбекстанға қоныс аударады, ал Олег болса, Ташкенттегі абразивтік бұйымдар комбинатының механикалық-жөндеу учаскесіне темір ұстасы болып жұмысқа кіреді. Сонда № 27 жұмысшы жастардың кешкі мектебін бітіреді. Осы кезеңнен бастап ол белсенді түрде өлеңдер жаза бастады. Кейіннен, зауытта жұмыс істеп жүріп, жұмыстан бос үзілістер арасында, жергілікті газеттер үшін өлеңдер жазды.

1964 жылы Олег Александрович Семей қаласына қайтып оралып, № 12 орта мектепте пионер вожатый, Еткомбинатының Мәдениет үйінде балалар секторының меңгерушісі, «Большевичка» фирмасының Мәдениет үйінде драма үйірмесінің жетекшісі, Семей облыстық мәдениет басқармасының клубтар мекемелері бойынша аға инспекторы болып қызметтер атқарды. 1966 жылы Некрасов атындағы Кострома педагогикалық институтына оқуға түсті, бірақ 1968 жылы, әкісінің қайтыс болуына байланысты, Семейге қайтады, Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтына ауысу арқылы қабылданып, оны 1970 жылы орта мектептің тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі мамандығын ала отырып, оқуын аяқтайды. Ол Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасының ассистенті болып қызмет етеді. Сол уақыттың өзінде-ақ, О.А. Киселев Семей облыстық теледидар және радиохабарлар бойынша комитетінің штаттан тыс тілшісі болып табылды, ал 1977 жылы тұрақты жұмысқа қабылданады. Ол диктор, насихаттау секторының редакторы, орыс хабарларын тарататын телеарнаның редакторы, үйлестіруші-редактор, облыстық радионың аға редакторы болып қызмет жасады.

О.А.Киселев редактор бола тұра, жаңалықтар қызметінің жұмысына талдау жүргізді, телерадиокомпанияның бағдарламаларына шолулар құрады, көптеген бағдарламалардың «Долгожитель», «Время Вашего вопроса», «Отвага» және «Патриот» сияқты жастар бағдарламаларының авторы болды.