







Матяш Анатолий Федорович (1952-1986), интернационалист жауынгер, Семей қаласында дүниеге келген. Ол Семей қаласында туды. №30 орта мектепте оқыды. Оқушылар арасында үздік оқуымен, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуымен ерекше көзге түсті. Бастауыш сыныптардан бастап-ақ, ол мектептің және Семей қалалық комсомол комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Мектепті ойдағыдай бітіргеннен кейін Толя, Тюмень қаласының жоғарғы әскери-инженерлік командалық училищесіне оқуға түсті. Мектепте де, училищеде, кейін Кеңес Армиясы қатарында Анатолий Федоровичке табандылық, байсалдылық, жоғары азаматтық борыш сезімі тән болды. Ол аға ұрпақтың жауынгерлік даңқына лайықты мұрагері еді. Жас офицер, екі баласы бола тұра, әскери және интернационалдық борышын адал және бар ниетімен өтеді.
Ол Ауғанстан Демократиялық Республикасында кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамында қызметте тұрып, ауған халқының мүдделерін қорғап, батырлығы мен ерлігін көрсете білді. Хинабад қыстауын басып алып, сонымен қоса оған апарар жолды миналап тастаған дұшмандармен соғыста капитан Матяштың ротасы жау оғының астында жүріп, қыстау іргесін минадан тазартты. Бандиттер қыстаудан шығарылды. Жауынгерлік тапсырманы орындаған бөлімше, лагерьге қайтып келе жатқан болатын. Капитан Матяш болған бронетранспортер, минаға жарылады. Анатолий Федорович қаза табады. Бұл 1986 жылдың 9 қыркүйегінде болған еді. А. Ф. Матяш қаза тапқаннан кейін, интернационалдық борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады.