Черепанов Дмитрий Феофанович (1907-1992) Шығыс Қазақстан облысының Верх-Уба ауылында дүниеге келген. 1927 жылы Өскеменнің педагогикалық техникумын бітіргеннен кейін, Семей облысы Жарма ауданының Мариновка мектебіне меңгеруші ретінде жіберілді. Кейін ол «Прииртышская правда» газетінің әдеби қызметкері болып жұмыс істеді.

Дмитрий Феофанович Черепановтың алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1926 жылдың өзінде-ақ, шаруалар үшін «Крестьянском журнале», «Журнале крестьянской молодежи» одақтық басылымдарында жарық көрді. Отызыншы және қырықыншы жылдары Дмитрий Феофанович толығымен журналистикалық еңбекке беріледі. «Прииртышская правда» газетінің редакциясында жұмыс істей жүріп, түбегейлі қайта құрулар мен ауылдардағы қызу тап күресі туралы, біздің елімізде ірі ет алыбы, Ертістегі – Семей ет комбинатын тұрғызған құрылысшылардың жетістіктері туралы, Алтайдағы тау-кен өнеркәсібінің дамуы туралы, Рубцовка - Риддер темір жолының құрылысы туралы, туған Ертіс өңірінің мәдени өмірі туралы мақалалар, очерктер, хат-хабарлар жазды.

Содан кейін соғыс болды. Дмитрий Феофанович 1942 жылдың 17 наурызында соғысқа шақырылды. Полк мектебін бітіргеннен соң атқыштар бөлімшесінің командирі болып тағайындалады. Бірақ, оның бейбіт кәсібін ескере отырып, және мамандардың қажеттілігінен, ол 128 - Түркістан Гвардиялық таулы-атқыштар дивизиясының "Ворошиловец" газетіне жауапты хатшы болып жіберілді. Дивизия құрамында Венгрия, Польша, Чехословакия, Германия арқылы соғыс жолдарымен жүріп өтті. Ол, соғысты бастайтын бөлімшелерімен тұрақты жұмыс істеді, жауынгерлер мен командирлердің ерліктерін өзінің очерктерінде, өлеңдерінде, жазбаларында кеңінен насихаттады және өз мақалаларында командирлер мен жауынгерлердің жауынгерлік тәжірибесін жинақтап қорытындылады. Дмитрий Феофановичтің шебер және батыл жұмысы арқасында, газет дивизия жауынгерлері мен командирлерінің жауынгерлік тәжірибесі мен батырлық мінбесі болды. Дивизияның  взводтары мен батальондарында тікелей жүріп, барлаушылармен, автоматшылармен, коммунистер және комсомолдармен жүргізген сұхбаттары, жауынгерлік міндеттерді ойдағыдай орындауға терең әсер етті.

Д.Ф.Черепановтың ерлігі мен батырлығын Отанымыз жоғары бағалады. Ол 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Жұлды» орденімен, «1941-1945жж Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін», «Ерлігі үшін», «Кавказды қорғағаны үшін» және басқа да көптеген медальдармен марапатталды.

Семейге, өзінің редакциясына оралғаннан кейін, Д.Ф.Черепанов қайтадан журналистик және жазушылық қызметіне кірісіп кетті. Ол 10 кітаптың авторы болып табылады. Дмитрий Феофанович «Прииртышская правда» газетінде 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Оның журналистик қаламына туған Ертіс өңірі тыл еңбеккерлерінің, құрылысшыларының, өнеркәсіп жұмысшыларының еңбектерін дәріптеген жүздеген мақалалар, очерктер, әңгімелер тиесілі.