Михаил Семенович (1940-2020) Семей педагогикалық институтының биология-химия факультетін бітіріп, ассистенттен бастап оқу орнының бірінші басшысына дейінгі жолынан өтті. Химия кафедрасының меңгерушісі, биология-химия факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректор, педагогикалық институттың ректоры, жаңадан құрылған «Семей» мемлекеттік университетінің ректоры, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бірінші проректоры болды. Оқу және ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, жаңадан құрылған Семей мемлекеттік педагогикалық институтының экология және география кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.