







Буренков Анатолий Анатольевич (1960-1980), интернационалист жауынгер, Семей қаласында тұрып, №33 және №11 мектептерде оқыды. 8 сыныпты бітіргеннен кейін СПТУ-118 оқуға түсті. Спортпен шұғылданды, әсіресе футболды жақсы көрді. Бала кезінен бастап футбол командаларының құрамына болды, «Былғары доп» клубының мүшесі болды.
1978 жылы 12 қарашада Анатолий Кеңес Әскері қатарына шақырылды. Отар оқу орталығында дайындықтан өтіп, кейін Ош қаласында әскери қызметін атқарды. 1979 жылдың желтоқсанынан бастап Ауғанстан Демократиялық Республикасында кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында әскери қызметін жалғастырды. 1980 жылдың 18 сәуірінде Буренков қызмет атқарған БМП экипажы Файзабад қаласының шетінде типографияны қорғады. Түнде олар маңызды нысанды иеленбекші болған бүлікшілермен ұрысқа түсті. Ұрыс нәтижесінде 11 жау өлтірілді. А.Буренковтың жеке өзі екі жауды өлтірді. Жойқын қарсылыққа төтеп бере алмаған және үлкен шығынға ұшыраған душмандар тауға шегінуге мәжбүр болды. Сәтсіздікке ұшырап ызаланған олар шатқалдағы бөгетті бұзып, өзен бойымен қатты жылдамдықпен төменге қарай ұмтылған сел ағыны БМП шайып әкетті. Барлық экипаж қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін Анатолий Буренков көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.