







Рафик Хасенұлы Хасенов (1930-2012) Семей облысы Аягөз ауданы Сергиополь ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп, Аягөз қаласының орта мектебінде оқытушы, ал әскерде қызмет еткеннен кейін Аягөз аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.1960 жылы Рафик Хасенұлы партия жұмысына ауысты – саяси білім кабинетінің меңгерушісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Аягөз аудандық үгіт және насихат жүргізу бөлімінің меңгерушісі, Үржар аудандық атқарушы комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебіндегі оқуын аяқтаған соң Көкпекті ауданына аудандық партия ұйымының бірінші хатшысы лауазымына қызметке жіберілді.
1980 жылы Р.Х.Хасенов Семей қаласындағы облыстық статистика басқармасына басшылық лауазымына ауыстырылды. Басшылық қызметінің 10 жылдық кезеңінен астам уақытында Рафик Хасенұлы өзін шебер шаруақор және жақсы ұйымдастырушы ретінде таныта білді. Нақ оның табандылығымен кейін облыстық статистика басқармасы орналасқан ғимараттың күрделі құрылысын салуға рұқсат алынды. Мемлекеттік статистика органдарындағы көп жылғы адал қызметі үшін, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан жемісті үлесі үшін Рафик Хасенұлы Хасенов екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Құрмет грамотасымен, көптеген медальдармен және естелік белгілермен марапатталды. Сонымен қоса Р.Х.Хасеновтың еңбегі мен қоғамдық қызметі құрмет грамоталармен және алғыс хаттармен аталып өтілді.