Матаев Хафиз Матайұлы (1931-2020) Семей облысы Абай ауданы Саржал ауылында дүниеге келген. Семей педагогикалық институтын және зооветеринарлық институтын бітірген. Еңбек жолы: Абай ауданының Ши бастауыш мектебінің мұғалімі, мектеп инспекторы, Бесқарағай аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, Беген орта мектебінің директоры, Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы парткомының партұйымдастырушы-инспекторы, Абай аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Семей облыстық ауыл шаруашылығы комитетінің хатшысы, Шұбартау аудандық атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің парткомиссиясының төрағасы, Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Абай атындағы республикалық қордың президенті. Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Семей облыстық әкімдігі бөлімінің меңгерушісі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің X және XI шақырылымдарының депутаты, КОКП Бүкілодақтық партия конференциясының делегаты, КОКП XXVIII съезінің делегаты, Қазақстан Компартиясының XIII, ХV, ХVI, ХVII съездерінің делегаты болып сайланды. Х.Матаев – Қазақстан халқы Ассамблеясының және ШҚО кіші Ассамблеясының, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының мүшесі. «Ленин», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі», «Парасат», «Достық» ордендерімен, 10 медальмен марапатталған.