Бейсембаев Муздыбай Бейсембаевич (1929-2000) родился в селе Абралы Семипалатинской области. Қайнар ауылында орта мектепті бітіріп 1948 жылы педагогикалық училищеге оқуға түсті, кейін Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиет бөлімінде оқыды. Мұздыбай Бейсембайұлы еңбек жолын 1954 жылы оқуын аяқтағасын бастады. Ол мұғалім, кейін Ақсуат ауылы орта мектебінің директоры, Семей педагогикалық училищенің оқытушысы, ал 1968 жылдан Абай мұражайының аға ғылыми қызметкері болды. Абай шығармашылығы туралы М.Б.Бейсембаевтың зерттеу жұмыстары республикалық, облыстық және Семей қаласының газеттері мен журналдарында жарияланды. М.Б.Бейсембаев - екі жүзге жуық мақалалардың және Абай энциклопедиясының авторы. 1992 жылы Абайдың 150-жылдығына арналған Республикалық халық шығармашылық конкурсына қатысып 1 орынды иеленді. Абайтану саласына сіңірген еңбегі үшін М.Б.Бейсембаевқа «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» және «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген халыққа білім беру қызметкері» атағы берілді.