Сакиева Күләш Сырымбетқызы 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1934 жылға дейін мектепте оқыды. Сол жылы Алматыдағы №18 мектепке оқуға түсіп, 1936 жылға дейін білім алды. 1937 жылы Алматы театр училищесіне актерлік бөлімшеге түсіп, 1941 жылы бітіріп, Жамбыл облыстық Абай атындағы Қазақ драма театрына жұмысқа жіберілді.

«Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін» 1945 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды. 1947 жылы Жамбыл театрында жұмыс істеген кезінде «Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі» атағы берілді. Сондай-ақ, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Жамбыл қаласының еңбекшілер депутаттарының облыстық, қалалық Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

1952 жылы қыркүйекте К.С.Сакиева Абай атындағы Семей облыстық қазақ музыкалық-драма театрына ауыстырылды. 32 жыл ішінде К.С.Сакиева сахнада екі жүзге жуық рөлдер сомдады. Ә.Тәжібаевтың «Майра» спектакліндегі Майраның ролін сомдап, қазақ халқының дарынды қызының тамаша образын жасады. М.Хасеновтың «Потерянный дневник» спектаклінде Алтынның бейнесін сомдады. Актрисаның бұл еңбегі де бағаланып, жоғары орындаушылық шеберлігі мен шығармашылық жетістіктері үшін 1958 жылы оған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Қазақ КСР-нің халық артисі» деген құрметті атақ берілді және екінші рет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады. 1970 жылы тың жерлерді игерудегі «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. К. С. Сәкиева Республикалық театрлар байқауының І және ІІ дәрежелі лауреаты дипломдарымен марапатталған.