







Шестов Николай Митрофанович (1903-1983) Тула губерниясының Шестовка ауылында дүниеге келген. Шестов Николай Митрофанович Тула губерниясының Шестовка ауылында 1902 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1916 жылы Сызран-Вяземдік темір жолында жөндеу жұмысшысы болып бастаған. 1924 жылы Николай Митрофанович Семейге келіп Түрксіб темір жолында қызметін жалғастырып, темір жол вокзалының басшысына дейін көтеріледі. 1965 жылы Николай Митрофанович Түрксіб темір жолының партиялық активінің саясат бөлімінде курсын аяқтағаннан соң 1-ші Семей станциясының темір жол торабы бойынша саясат бөліміне насихаттаушы болып қызмет етеді. Ал 1937 жылы партиялық комитетінің хатшысы қызметіне ауысады, 1938 жылы Қазақстан коммунистік партиясының Семей қалалық комитетінің 2-ші хатшысы болып сайланады. 1942-1949 жылдары Шестов Н.М. Қазақстан коммунистік партиясының Семей қалалық комитетінің хатшысы болып қызмет етті. 1949 жылы Николай Митрофанович Верхне-Иртышск өзен пароход шаруашылығында жүзу құрамы бойынша Партиялық комитетіне хатшы болып қызмет атқарды.