Светашев Борис Петрович, өлкетанушы, «Күн әлемі» республикалық ұйымының еріктісі, Қазақстандағы БҰҰ бағдарламасының сертификатымен марапатталған. Борис Петровичтің ең үлкен қызығушылығы қаламыздың тарихын зерттеу болып табылады. Светашев Б.П. – Семей өлкесінде өмір сүрген, қызмет еткен, ұмытылған азаматтарды, сондай-ақ өлкеміздің тарихын зерттеумен, археологиялық іздеулермен айналысатын «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшесі. Қордың құрамындағы бірегей құжаттар қатарында 1907 жылы 10 қыркүйегінде Дмитрий Антонович Варламовқа берілген көші-қон құжаттарының түпнұсқалары, Тамбов губерниясының Спасск уезі берген өтпелі куәлік, 1907 жылғы 26 наурызда көші-қон істері жөніндегі шенеунікке