







Мамедбакова Валентина Михайловна (1931-2010) Грузин КСР Қызыл құдықтар ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, 1949 жылы Одесса қаласындағы ұн-жарма және құрама жем өнеркәсібінің инженерлері институтына оқуға түсті. Институтты аяқтағаннан кейін, 1954 жылы ол, жас маман ретінде Семей қаласының № 1 диірмен комбинатына ауысым шебері лауазымына жұмысқа жіберіледі.
1958 жылы Валентина Михайловна Семей облыстық өнертапқыштар мен рационализаторлар қоғамының төрайымы лауазымына тағайындалса, ал 1963 жылы Семей облыстық халық бақылау комитетінің инспекторы болып ауыстырылды. Валентина Михайловна партия жұмысына ауысқаннан бастап үш жыл бойы Қазақстан КП Семей облыстық комитетінде ұйымдық-партиялық жұмыс нұсқаушысы қызметін атқарса, ал 1979 жылы Киров аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы лауазымына бекітілді, онда зейнеткерлікке шыққанға дейін қызет етті. В.М.Мамедбакова Қазақстан КП 11, 16-шы съездерінің, Қазақстан әйелдерінің 2-съезінің делегаты болды, Бүкілодақтық өнертапқыштар мен рационализаторлар қоғамының съезі жұмысына қатысты, зейнеткерлікке шыққаннан кейін Семей қалалық Жауынгер Даңқы мұражайында жұмыс істеді.