







Жарасбай Құлмақұлы Құлмақов (Ж.Құлмағанбет) 1940 жылы 17 мамырда Қарағанды облысы Мыржық ауылдық кеңесінің №5 ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Семей зооветин институтының ветеринария факультетін бітірді. Қарағанды облысы Егіндібұлақ аудандық ветеринариялық станциясының аға ветеринар-эпизоотологы, Семей облыстық ветеринариялық зертханасының паразитология бөлімінің меңгерушісі, Семей қалалық ветеринариялық станциясының, Семей шекаралық-бақылау ветеринариялық пунктінің бастығы болып жұмыс істеді.
Жарасбай Құлмақұлы өндірістік жұмыстармен қатар ғылыми-зерттеу қызметімен айналысты. 1981 жылы Семей облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімінің бастығы Ж.Атачкинмен бірлесіп «Семей облысындағы қойлардың негізгі гельминтоздарына қарсы күрес бойынша ұсынымдар» шығарды, Қазақ КСР Ғылым Академиясының ғалымдарымен бірге «Қазақстандағы қойлардың өкпе нематодоздарын (диктиокаулез және протостронгилидоздар) диагностикалау, емдеу және алдын алу» әдістемелік ұсынымдар дайындады. Сондай-ақ, Ж. Құлмақов 7 ғылыми мақала жазды. КСРО Ғылым академиясы оның еңбектерін жоғары бағалап, белгілі ғалым академик Скрябиннің 100 жылдығына арналған медальмен марапаттады.
Ж.Құлмақов бала кезінен әдебиет пен тарихты жақсы көретін. 12 жасынан бастап ол өлең жаза бастады, бірақ ол зейнеткерлікке шыққаннан кейін ғана шығармашылықпен айналыса бастады. 2007 жылы «Туған жер» және «Ливень. Стихи. Переводы», 2010 жылы «Жүрек жыры», 2016 жылы «Музей. Стихи» «Международное подписное агентство» баспасы Алматы қаласы.