







Лещун Николай Парфенович 1910 жылы Семей облысының Ново-Покровка ауылында дүниеге келген. 1932 жылдан 1935 жылға дейін әскерде болды. Әскерден оралған соң №1 АПК жауынгері болып қабылданды. 1941 жылдан бастап Ұлы Отан соғысы майдандарына қатысқан. 88 атқыштар дивизиясының 755 атқыштар полкінің құрамында, 76 мм зеңбірек батареясының жеке тартқыш командирі. Ол Калинин, Батыс 3-ші Беларусь майдандарында соғысқан. Екі рет жараланды. III дәрежелі Даңқ орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Соғыстан кейін Николай Парфенович Семей қаласында тұрып, №1 қалалық өрт сөндіру командасының бөлім командирі болып жұмыс істеді.