Исаев Сапан Жүсіпұлы 1911 жылы туған. Майданға 1942 жылы мамырда Жарма аудандық әскери комитеті шақырылды. 50-ші армияның 108-ші атқыштар дивизиясының 407-ші атқыштар полкінің құрамында Брянск, Батыс, Беларусь, Украина майдандарында соғысқан. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Батылдығы үшін» медалімен марапатталған 1945 жылы сәуірде С.Ж.Исаев Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысының атына Семей қаласының зауыттары мен фабрикаларында жұмыс істеген және тылда Жеңіске жеткен жерлестерді моральдық қолдауға бағытталған хат жолдады.