2-ші гильдиялы көпес Федот Сысоевич Афониннің Семей және Тюкалинск қалаларындағы дүкендерінің жарнамалық парақшасы. 1910ж.
Семей қаласында Федот Афониннің орыс тілінде әдебиет сататын сауда орны, бірнеше дүкені және ет дүкендері иелігінде болды. Ол Омбы облысының Тюкалинск қаласында Думаның жария өкілі, қалалық уәкіл, Тюкалинск қоғамдық банкінің директоры, түрме туралы уездік қамқоршылық кеңесінің мүшесі болған. Тюкалинск қаласында оның дүкені болған.