2026 жылы 25 қараша күні «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің архившілері Ж.Е.Жанбаева мен Н.В.Яковлева Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің «Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ қызметкерлеріне «Істер номенклатурасын жасау және ресімдеу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

image-1428-2412.peg

Семинар барысында істер номенклатурасын жасау мен ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар, істердің тақырыптарын қалыптастыру, құжаттардың сақталу мерзімдерін айқындау, істер номенклатурасын келісу және бекіту тәртібі қарастырылды.

Сонымен қатар 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрықпен бекітілген, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі барысында жасалатын, сақталу мерзімдері көрсетілген үлгілік құжаттар тізбесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ құжаттаманы басқару мен архив ісін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

image-1428-2413.peg

Ұйым қызметкерлеріне қажетті әдістемелік материалдар мен нормативтік құжаттар ұсынылып, жаңа Тізбені қолдану, құжаттардың сақталу мерзімдерін айқындау, істер номенклатурасын жасау және құжаттарды дұрыс ресімдеу бойынша түсіндірмелер берілді.

Семинар қорытындысы бойынша ұйымның істер номенклатурасын қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес келтіру жөнінде практикалық ұсынымдар берілді.