Мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік сақтауда тұрған Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуына жауап береді, сондай-ақ белгіленген қағидалар мен нормативтік талаптарға сәйкес оларды қабылдау мен есепке алуды ұйымдастырады.

Бөлім мамандары қорлардың архив қоймаларында дұрыс орналастырылуын, құжаттарды сақтау кезіндегі температуралық-ылғалдылық және санитариялық режимдердің сақталуын, сондай-ақ істердің уақытылы берілуі мен қайтарылуын бақылауды жүзеге асырады.

Архив қоймаларындағы құжаттардың сақталуын қорғау мақсатында ылғалды тазалау, дезинфекциялау және шаңнан тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.

Бөлім қызметкерлері қорлардың бар-жоғын және физикалық жай-күйін тұрақты түрде тексереді, сондай-ақ реставрациялауды қажет ететін құжаттарды анықтап, іріктейді.

Архивтегі құжаттарды реставрациялау – бірегей материалдардың тарихи құндылығын болашақ ұрпақ үшін сақтап қалу. Реставратор тозған және бүлінген құжат парақтарын қалпына келтіреді, қағаз негізі мен түптелген мұқабаларын нығайтады.
