Оқу залында зерттеу жұмыстарымен шұғылдану ретімен таныстыру

2026 жылы 19 қараша күні  Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-де  (АОМА) Электротехникалық колледжінің ЭПП-313 тобының бірінші курс студенттері болды.

image-1426-2403.jpg

Ғылыми ақпараттық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің археографы  А.Е.Шалыгин архивтің тарихы туралы дәріс оқып, оқу залының жұмыс жасау тәртібімен таныстырды.

image-1426-2402.jpg

Студенттерге АОМА қорларында сақталған 1921 жылғы метрикалық кітаптар, В.Н.Кашляктың коллекциясындағы ХХ ғасырдың басындағы фотосуреттер, сондай-ақ «Вечерняя почта» (1905 ж.) және «Продовольственная неделя» (1917 ж.)  газеттері таныстырылды.

Қонақтардың назарына Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануына арналған құжаттар мен фотосуреттер қойылған «25 қазан – Республика күні» атты фотоқұжаттық көрме ұсынылды.

Архив қоймасына шолу экскурсиясын мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің архившісі М.Б.Карандашова жүргізді.

image-1426-2404.jpg

Ол Абай облысы мемлекеттік архивінде сақтаулы тұрған қорлар және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жағдайлары туралы әңгімелеп, Ертіс ауылдық кеңесінің шаруашылық кітаптарын көрсетті.