Аягөз филиалы атына келіп түскен кезекті жылы лебізді хат
Аягөз филиалының архивисті атына көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына, кәсіби шеберлігіне және жұмысына деген жауапкершілігіне ризашылығын білдірген қызмет алушыдан Казтошта АҚ арқылы алғыс грамотасы келіп түсті.
Архивист жұмысы – тек тарихи құжаттарды сақтау ғана емес, сонымен қатар азаматтарға қажетті мәліметтерді іздестіруге, маңызды деректерді растауға және архивтік ақпарат алуға көмектесу болып табылады. Әрбір өтініштің артында адамның жеке тарихы, отбасы естелітері мен өміріндегі маңызды оқиғалар тұрады. Сондықтан әрбір қызмет алушыға мұқият қарау, жауапкершілік таныту және құрметпен қарым-қатынас жасау – архив қызметінің басты қағидаларының бірі.
Келіп түскен алғыс грамотасы Аягөз филиалы архивистінің кәсіби қызметіне берілген жоғарғы баға болды. Мұндай ризашылық білдіру белгілері архив мекемелерінің қоғамдағы маңыздылығын, азаматтардың сенімін және мемлекетік қызметтерді сапалы көрсетудің мәнін айқындайды.
Мұндай алғыс хаттар жұмысты одан әрі жетілдіруге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және халықтың архив қызметіне деген сенімін нығайтуға ынталандыратын маңызды қолдау.
Аягөз филиалы ұжымы қызмет алушыға көрсеткен ықыласы, жылы лебізі және әріптесіміздің еңбегіне жоғарғы баға бергені үшін шынайы алғыс білдіреді.
Алдағы уақытта да әрбір қызмет алушыға қажетті архивтік ақпаратты уақытылы әрі сапалы ұсынуға, азаматтармен сыпайы қарым-қатынас орнатуға және мемлекеттік қызмет көрсету мәдениетін одан әрі дамытуға күш саламыз.
Кәсібилік, жауапкешілік және азаматтардың сенімі – біздің жұмысымыздың басты құндылықтары!