«Қазақстан Республикасының цифрлық үкіметі» атты семинар
2026 жылғы 21 қазанда "АОМА" КММ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің архившілері З.О. Есергепова мен Жексембинова А.К. "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Абай облысы филиалының ХҚКО бойынша Семей қаласының № 2 бөлімінің инспекторларына семинар өткізді.
Семинар барысында «АОМА» КММ-нің әлеуметтік құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің архившілері ХҚКО мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының мамандарын «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі "Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 15 қазандағы № 561-НҚ бұйрығымен кейбір өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен тан ыстырды.
Мемлекттік қызмет алушылардың барлығы мемлекеттік архивтерге өтініштерді «Қазақстан Республикасының цифрлық үкіметі» веб-порталы арқылы беруі қажеттігі туралы түсініктеме берілді.
«Қазақстан Республикасының цифрлық үкіметі» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін сізге мыналар қажет:
- Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ);
- egov.kz веб-порталы немесе «eGov mobile» мобильді қосымшасы;
- Архивтан кім туралы және қандай кезеңге қатысты ақпарат алғыңыз келетінін нақты көрсете отырып, толық әрі анық сұраныс толтыру;
- Сұраныс тақырыбына қатысты құжаттардың (диплом, еңбек кітапшасы және т.б.) сканерленген көшірмелерін тіркеу.
«АОМА» КММ-сі мемлекеттік қызметті көрсетуді жалғастыруда, сондай-ақ халықты ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізуде.