Ф.М. Достоевскийдің немересі Андрей Федорович Достоевскийді Семей қаласының әуежайында қарсы алу, 1968ж.

1968 жылдың жазында, Федор Михайлович Достоевскийдің үйіне Ленинградтан Семей қаласының 250 жылдық мерейтойына келген жазушының немересі А.Ф. Достоевский барды. 1969 жылдан бастап кітапхана-мұражай тарихи-өлкетану мұражайының филиалы ретінде жұмыс істеді. 1971 жылы әлемдік жұртшылық Ф.М. Достоевскийдің туғанына 150 жыл толуын атап өткен кезде, мұражай облыстық әдеби-мемориалдық мұражайға айналды. 1976 жылы ескі үйге мәскеулік сәулетші В.Ф.Власовтың жобасы бойынша заманауи қосымша ғимарат салынды. Музей кіреберісінде мүсінші Д. Элбакидзенің «Ф. Достоевский және Ш. Уәлиханов» атты қола мүсіні орнатылды.