Әбдірахманов Нұрғали Әбдірахманұлы

Әбдірахманов Нұрғали Әбдірахманұлы, 1912 жылы туған, Ұлы Отан соғысына дейін қалалық телефон станциясының телеграфисті болып жұмыс істеген. 1941 жылы шілдеде майданға шақырылды. Батыс майдан армиясының 238 атқыштар дивизиясының 843-ші атқыштар полкінің байланыс ротасының кіші политрукі. 1942 жылы 15 ақпанда Смоленск облысының Юхнов қаласының маңында оң аяғынан ауыр жарақат алып, демобилизацияланды. Семей облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етті. «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.