Қарағанды қаласында өткен мамандандырылған семинарға қатысу

2026 жылғы 29–30 қыркүйекте «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ қызметкерлері Қарағанды қаласында өткен өңірлік семинарға қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Архив ісі саласындағы мемлекеттік саясат және бақылау басқармасының басшысы Тащанова Салтанат Нуртасовна «Архив ісі және құжаттаманы басқару саласындағы заңнамадағы және нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістер» тақырыбында баяндама жасады.

image-1416-2382.peg

Іс-шара барысында архив ісі мен құжаттарды басқару саласын реттейтін нормативтік-құқықтық базаға енгізілген соңғы өзгерістер қаралды. Алынған білім осы саладағы жаңа талаптар мен нормаларды тереңірек түсінуге ықпал етті.

Қарағанды облысының облыстық архивінің директоры Нельдыбаев Ерлан Мекежанович бастаған іс-шараны ұйымдастырушылар өңірдің тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында қатысушылар Қарағанды қаласының тарихи мұрасымен танысуға мүмкіндік алды.

Семинардың екінші күнінде «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге байланысты мәселелер талқыланды. «Е-Архив» ақпараттық жүйесіне техникалық қолдау мен сүйемелдеуді қамтамасыз ететін «Bolashak Engineering» ЖШС-нің өкілі Шестак Алексей Сергеевич «Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі негізгі өзгерістер және функционалын техникалық қолдау туралы» тақырыбында баяндама жасады. Іс-шара барысында «Е-Архив» ақпараттық жүйесін әдістемелік және техникалық сүйемелдеу мәселелері талқыланды.

image-1416-2384.peg

Түстен кейін Долинка кентінде орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу «КарЛАГ» мұражайына көшпелі экскурсия ұйымдастырылды.

image-1416-2383.peg

Семинарға қатысу нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген соңғы өзгерістермен танысуға мүмкіндік берді, бұл архив ісі саласындағы кәсіби біліктілікті арттыру және жұмыс сапасын жетілдірудің маңызды аспектісі болып табылады.