Аягөз филиалы өңірлік семинарға қатысты.

Қарағанды қаласында архив ісі және құжаттаманы басқару саласының өзекті мәселелеріне арналған өңірлік семинар өтті.

29–30 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында «Архив ісі және құжаттаманы басқару саласындағы заңнамадағы және нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер» және «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге үйрету» тақырыптарында өңірлік семинар ұйымдастырылды.

image-1415-2381.peg

Кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған іс-шараға Абай, Ұлытау, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарынан 250-ге жуық архив саласының маманы қатысты. Семинар жұмысына Аягөз филиалының архивисті Дархан Алимжанов та қатысты.

image-1415-2379.peg

Семинар барысында архив ісі және құжаттаманы басқару саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, нормативтік құқықтық актілердің талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушыларға «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу тәртібі бойынша практикалық сабақтар өткізіліп, жүйені тиімді пайдалану жолдары көрсетілді.

Іс-шара барысында архив саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, мамандар арасында тәжірибе алмасу ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде құжаттарды сақтау, есепке алу және архивтік процестерді цифрландыру бағытындағы кәсіби білімді жетілдіруге мүмкіндік берді.

image-1415-2380.peg

Семинардың бірінші күні қатысушылар үшін Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Музейде өңірдің тарихы, мәдениеті және тарихи-мәдени мұралары туралы құнды мәліметтер берілді.

Ал семинардың екінші күні соңында Долинка кентінде орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі – «КарЛАГ» музейіне көшпелі экскурсия жасалды. Қатысушылар саяси қуғын-сүргін кезеңіндегі тарихи оқиғалармен, КарЛАГ тарихымен және сол жылдардағы халықтың басынан өткерген ауыр зардаптарымен танысты.

Өңірлік семинар архив саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, тәжірибе алмасуға, заманауи ақпараттық жүйелерді меңгеруге және тарихи-мәдени мұраны тереңірек тануға мүмкіндік берген маңызды кәсіби алаң болды. 

image-1415-2378.peg

Осындай мазмұнды кездесулер архив саласындағы жұмыстың сапасын арттырып, мамандардың өзара тәжірибе алмасуына және саладағы заманауи талаптарды тиімді жүзеге асыруына жол ашады.