Халықаралық қарттар күні
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл атаулы күн алғаш рет 1991 жылы атап өтілді. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатында қарт адамдарға құрмет көрсету – басым бағыттардың бірі.
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ – нің әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті архив саласының ардагерлері Г.Г. Бекова, Г.Т. Жүнусова, С.Т. Елеусизова, Н.О. Мырзагулова, Б.Б. Накибаева, Н.А. Полякова, Е.Н. Силина, К.Т. Тусипжанова, Р.Ф. Хантемирова, Н.В. Чирикова, Ж.Б. Оксумбаева және Н.А. Кусаинованы мерекемен құттықтады.
Архившілер ардагер әріптестерін мерекемен құттықтап, оларға көп жылғы еңбегі үшін алғыс айтты, архив ісінің дамуына қосқан үлестерін атап өтіп және зор денсаулық тіледі.