«Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-де «Ашық есік күні»
2026 жылғы 18 қыркүйекте Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының КММ «Абай облысының мемлекеттік архивінде» мемлекеттік және ведомстволық ұйымдардың мамандарына арналған «Архив және болащақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – архив ісіне деген қызығушылықты арттыру, архив пен ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Ұлттық архив қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шараны КММ «Абай облысының мемлекеттік архивінің» директоры Б.Т. Мусин құттықтау сөзімен ашып, архивтің мемлекеттік және ведомстволық ұйымдармен тығыз ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Құжаттарды мемлекеттік сақтауға уақтылы тапсыру, архив ісін жүргізу талаптарын сақтау және құжаттық мұраны сақтауды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – бөлім басшысының міндетін атқарушы Л.А. Сұлтанбекова, архив ісі жөніндегі мамандар Р.А. Найзабаева және Э.Т. Смағұлова.

Іс-шара барысында ҒАА басшысының міндетін атқарушы А.К. Дюсембаева қатысушыларды КММ «Абай облысының мемлекеттік архивінің» қызметімен, оның негізгі жұмыс бағыттарымен, өңірдегі архив жүйесінің құрылу және даму тарихымен таныстырды.
Қонақтарға архив қызметінің таныстырылымы, архив қорларымен танысу, бірегей құжаттар мен фотосуреттер көрмесі, сондай-ақ архив қоймаларына экскурсиядан тұратын тақырыптық бағдарлама ұсынылды.
Құжаттардың қандай жағдайда сақталатыны туралы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есебін жүргізу бөлімінің архивисті М.Б. Қарандашова айтып, архив қызметкерлерінің жұмысымен таныстырды және архив материалдарының сақталуын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында мемлекеттік және ведомстволық ұйымдардың архивпен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу және талқылау өтті. Қатысушыларға архив қорларын толықтыру мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді. Ведомстволық архивтерді толықтыру және құжаттаманы инспекциялау бөлімінің архивисі К.С. Қозыбаева құжаттарды мемлекеттік сақтауға дайындау, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және архивтік сақтауды ұйымдастыру туралы айтып өтті.

«Ашық есік күнін» өткізу КММ «Абай облысының мемлекеттік архиві» мен мемлекеттік және ведомстволық ұйымдар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтудың тағы бір мүмкіндігі болды.
Осындай іс-шаралар архив мәдениетін арттыруға, құжаттарға жауапкершілікпен қарауға және Абай облысының тарихи мұрасын келер ұрпақ үшін сақтауға ықпал етеді.
Іс-шара соңында Абай облысы білім басқармасының «Көлік колледжі» КМҚК архивариусы Л.В. Дайнеко «Ашық есік күніне» шақырғаны, жылы қабылдауы, көңіл бөлгені және қонақжайлығы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ одан әрі табыстарға, өркендеуге, жаңа жетістіктерге және жоспарланған барлық мақсаттардың жүзеге асуына тілектестігін білдірді!